13 қыркүйек 2020 13:47

Түркістанда кезектен тыс үй алған тұрғындар үйін босатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Tengrinews.kz Көрнекі сурет Tengrinews.kz

Түркістанда кезектен тыс пәтер алған тұрғындар пәтерін босату туралы қолхат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістанда кезектен тыс пәтер алған тұрғындар пәтерін босату туралы қолхат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Түркістан қаласында 2017 жылғы желтоқсанда Отырар шағын ауданының үш тұрғыны жаңа үйден кезектен тыс пәтер алу үшін Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлеріне пара бергені анықталған. Қызметкерлерге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттері үшін тұрғындарға қатысты шаралар қолданылып жатыр.

"Аптаның басында сот орындаушылар заңсыз әрекеттер арқылы үй алған азаматтарға барды және 10 күн ішінде пәтерді босату туралы міндетін жүктеді. Егер орындамаса, оларға қатысты қосымша шара қабылданады және жауапқа тартылады", - деп хабарлады Түркістан әкімдігіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети