22 наурыз 2021 11:44

Түрме қызметкерлері сотталушыларды ұрып-соққан: тексеріс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Желіде қызметтік киімдегі ер адам сотталушыларды ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды. Оқиғаға Маңғыстау облысы ҚАЖД баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Lada.kz.


Желіде қызметтік киімдегі ер адам сотталушыларды ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды. Оқиғаға Маңғыстау облысы ҚАЖД баспасөз қызметі түсінік берді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Тараған видеоның сипаттамасында үш сотталушы зардап шеккені айтылады. Олар Қылмыстық кодекстің 124 ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру"), 234 ("Экономикалық контрабанда") және 346-баптары ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру") бойынша бас бостандығынан айырылған.  

Маңғыстау облысы ҚАЖД баспасөз қызметі бұл видео бойынша тексеріс басталғанын хабарлады. 

"Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасарына қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша соталды тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ҚАЖД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети