Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері полицияға арыз түспесе де қозғалады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық істері полицияға арыз түспесе де қозғалады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

1 шілдеден бастап полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының жазбаша арызын күтпей, өз бетінше әкімшілік істер қозғай бастайды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Руслан Қаржаспеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшеді. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камераларының жазбалары мен бейнетіркегіш жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот шығарады. Тараптардың татуласу мүмкіндігі жоққа шығарылды", - деді Руслан Қаржаспеков Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір отбасылық зорлық-зомбылық бойынша материалдардың жартысы тараптардың татуласуына байланысты сотта тоқтатылады.

"Бұл агрессордың немесе туыстарының көндіру немесе қысым көрсетуі нәтижесінде болады. Мысалы, жыл басынан бері осы негіздер бойынша 5 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап татуласуға тек бір рет, сотта болады", - деп қосты Қаржаспеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +30
Ақтау +29
Ақтөбе +31
Атырау +24
Б
Балқаш +35
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +29
П
Павлодар +32
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +30
О
Орал +30
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер