12 ақпан 2024 | 17:37

"Тұтас астыртын бизнестер пайда болды" - Бектенов мемлекеттік сатып алулар туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қазақстан премьер-инистрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан премьер-инистрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алулар үдерісінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, оның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті.

"Мұндай жағдайда пәрменді түрде алға жылжу керек, өйткені қазіргі сатып алу жүйесі бәрін тежеп отыр. Конкурстарға шағымдану рәсімінің төңірегінде тұтас астыртын бизнестер пайда болды. Кейіннен бұл мәселеге қайта айналып соқпас үшін біз жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек", - деді Олжас Бектенов Үкіметтегі кеңесте.

Бұл ретте ол тиісті ынталандыру тетіктері арқылы сатып алулардағы отандық тауарлардың үлесін едәуір арттыру қажеттігіне тоқталды. Бұл – республикада әлі жолға қойылмаған жаңа өндірістерді қолдауға да қатысты мәселе.

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде сарапшылармен және бизнес-қоғамдастықпен бірге қажетті шараларды пысықтауды, оларды Парламент қарауындағы заңнамалық түзетулерге енгізуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer