Туысын қызғанған қазақстандықты сот көше сыпыруға жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туысын қызғанған қазақстандықты сот көше сыпыруға жіберді Сурет © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Жыл басынан бері қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған 2300-ден астам қазақстандық қоғамдық жұмыстарға тартылды. Олар көшелерді, саябақтарды, аулаларды, балалар алаңқайларын тазалаумен, аумақтарды көгалдандырумен және абаттандырумен айналысады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚАЖК мәліметінше, мұндай жұмыстар арнайы білімді немесе біліктілікті талап етпейді. Сотталғандар пробация қызметі мамандарының бақылауымен күніне төрт сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұндай жұмыстарға мыңнан астам қазақстандық жұмылдырылған.

"Осындай жағдайлардың бірі Павлодар облысында болды. Ер адам туысын жаңа көңілдесінен қызғанып, жанжал барысында оған жеңіл дене жарақаттарын салған. Сот оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. Жазасын өтеу барысында сотталған азамат барлық белгіленген сағаттарды толық өтеп, тәртіпбұзушылықтарға жол бермеген және пробация қызметінің есебінен шығарылды. Қызметкерлердің айтуынша, ол өз әрекетіне қорытынды жасап, мінез-құлқын қайта қараған", - деп хабарлады ІІМ комитеті.

ҚАЖК өкілдері қоғамдық жұмыстардың басты мақсаты - адамды еңбек арқылы түзеу және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.48   546.68   6.61 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +28
Ақтау +23
Ақтөбе +30
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +23
П
Павлодар +29
Петропавл +22
С
Семей +26
Т
Талдықорған +27
Тараз +30
Түркістан +31
О
Орал +18
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +21

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер