29 тамыз 2023 15:03

Уәкілдер жүйесі өзіне жүктелген міндетті толық орындауға тиіс - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Уәкілдер жүйесі өз мақсатын толық орындауы керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Уәкілдер жүйесі өз мақсатын толық орындауы керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауыл тұрғындары басқа мәселелерге қарағанда, жерді пайдалану, жайылымдарды бөлу, инфрақұрылымдардың қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелерді жиі көтереді. Құқықтық насихат бағытындағы сіздердің күш-жігерлеріңіз ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіндігі арасындағы алшақтықты дәйекті түрде қысқартуға тиіс.

Омбудсмен өкілдіктері өңірлерде құқықтық сауаттылықты арттыруға тиімді ықпал ете алады. Жергілікті қоғамдастықтар азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат алуға тиіс.

Адамдар қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көріп, бағалай алуы қажет. Бұл – басты міндет. Елімізде жолға қойылған Уәкілдер жүйесі өзіне жүктелген міндетті толық орындауға тиіс. Аталған бағыттағы қызмет – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети