Уақыт белдеуінің өзгеруі: ұялы байланыс операторлары үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары біртұтас уақыт белдеуіне көшуге байланысты өз абоненттеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары біртұтас уақыт белдеуіне көшуге байланысты өз абоненттеріне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Activ/Kcell абоненттері Қазақстанда 1 наурызға қараған түні сағаттың өзгеруіне байланысты болуы мүмкін техникалық ақаулар туралы SMS-хабарламалар алды.

"Үкіметтің UTC + 5 уақыт белдеуіне көшу туралы қаулысына сәйкес 29 ақпанда 23:00 (UTC +6) мен 1 наурыз 06:00 (UTC +5) аралығында сервистерді ықтимал шектеумен техникалық жұмыстар жүргізіледі. Банктер, мемлекеттік сервистер және басқалар сияқты серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екеніне назар аударамыз", - деп хабарлады Activ баспасөз қызметі.

Компания "жаңа уақыт белдеуіне көшуге байланысты техникалық жұмыстар барасында мүмкін болатын шектеулерді болдырмау үшін" абоненттерге тарифті алдын ала – биылғы 29 ақпанға дейін төлеуді ұсынды.

Tele2 операторының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне қызметтердің жұмысындағы уақытша өзгерістерді жоққа шығармайтынын хабарлады.

"Түнгі уақытта кейбір қызметтердің жұмысында қысқа мерзімді үзілістер тудыруы мүмкін төлем жүйелерін ауыстыру бойынша сәтсіздіктер көп емес. Абоненттер түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз. Оператор бұл өзгерістерді абоненттерімізге барынша ыңғайлы ету үшін бар күш-жігерін салады", - деді Tele2 өкілдері.

Beeline да тұтынушылар үшін ескерту дайындап жатыр. Олар ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer