Уақытша тіркеу айналасында жасанды дүрлігу пайда болды - сенатор

26 Қаңтар 2017, 12:42
0
Уақытша тіркеу айналасында жасанды дүрлігу пайда болды - сенатор - © gazetamayak.kz
© gazetamayak.kz

Сенатор Серік Бектұрғанов азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол бұл үндеуін үкімет басшысына жолдады.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тіркеу бойынша жасанды дүрлігуінен шошып, көптеп келе бастаған халықты қабылдауға дайын болмауы бөлек талқылаудың тақырыбы. Парламентте талқылау кезінде заң жобасын ұсынғандар депутаттардың сұрағына заңды орындауға байланысты барлық мәселені шешуге дайындықтың барын айтып, жауап берді. Олар барлық деңгейде қауіп-қатерлердің алдын алғанын ауызша айтумен болды. Алайда осы күнге дейін азаматтардың уақытша тіркеуі мәселесінде шалалықтарды мойындаудан басқа тәртіпті орнату бойынша нақты шаралар қабылданбады", - деп мәлімдеді сенатор.

Оның айтуынша, бар проблемаларға жаңалары қосылған. Осыған байланысты Сенат депутаты үкіметке бірқатар ескертуін жолдады:

"Заңды орындауға жұмылуы тиіс болған мемлекеттік орган өкілдерін оқыту неліктен өз уақытында жүзеге асырылмады. (...) Тіркелмеген жерінде тұрып жатқан азаматтарды тіркеу мәселесін түбегейлі тәртіпке келтіру үшін, бұдан соң азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін нендей шаралар жүргізілмек? Азаматтардың уақытша тіркеуге қатысты құқықтары мен міндеттері туралы қолжетімді әрі түсінікті мәлімет қашан пайда болады? Бұған үнқағаздар, постерлер және инфографикалар да кіреді. Неге "Азаматтарға арналған үкімет" онлайн-тіркеуді өткізуге дайын болмады?", - дейді депутат.

"Үкімет әлеуметтік желілерде пайда болып жатқан жалған ақпараттарға жазалау-тыйым салу шараларын қолданбай, осы заманға лайықталған, мүдделі органдардың жедел әрі кәсіби әдістерімен, мүмкін болып отырған ақпараттық вакуумның алдын алып, сауатты ақпараттық саясатты қалай жүргізбекші?", - дейді сенатор. 

Сонымен қатар, ол өз үйінде азаматтарды коммуналдық қызметтер төлемімен уақытша тіркеген пәтер иелерінің проблемаларға ұрынып қалмайтынына жазбаша түрде түсінік талап етті.  

"Уақытша мекендеу орны бойынша тіркелгендер мен баспана иелері пәтерде тұрып жатқандардың санына қарай есептелген коммуналдық шығынды төлеу мәселесін қалай шешеді? Коммуналдық қызметтерді ұсынатын арнайы қызметтердің жұмыс сапасын біле отырып, олардың азаматтардың уақытша тіркеуінен қосымша бонустар алғысы келуі мүмкін екенін ойлауымызға құқымыз бар", - деп қорытындылады Бектұрғанов өз сөзін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай