20 қаңтар 2017 | 21:08

"Уақытша тіркеуді" 50-ақ секундта түсіндіріп берген Шымкент әкімі Қазнетте қызу талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Елімізде 7 қаңтарда күшіне енген нормаға қатысты "Уақытша тіркеу" туралы шуға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бар-жоғы 50 секундта жиылған халыққа түсіндірді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 7 қаңтарда күшіне енген нормаға қатысты "Уақытша тіркеу" туралы шуға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бар-жоғы 50 секундта жиылған халыққа түсіндірді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Халықпен кезекті кездесуінде сөз сөйлеген әкім уақытша тіркеу мәселесіне қатысты түсінік берген болатын. "Мұнда мәселе уақытша тұратын адамдар жайлы, мына Жетісайдан келгендер, Мақтааралдан келді, Ордабасыдан келді, басқа жерден келді, Шымкентте көп адам тұрып жатыр. Бізде статистика бойынша 900 мың адам дейміз. Ал шын мәнінде қанша? 1 миллион 200, дұрыс па? Ал біз бюджетті қараған кезде, мына біз - әкімдік 900 мың адамға қараймыз, автобустар 900 мың адамға жетсін, аурухана 900 мың адамға жетуі керек, ал негізінде 1 миллион 200 адам. Сонда 300 мың адам қайда барады? Олар да біздің ауруханаға барады, олар да біздің автобусқа мінеді. Соның барлығын есептеу үшін тіркеу қажет, бұл нәрсеге түсінікпен қараңыздар. Ол әлемдегі тәртіп. Сіздер мынау менің үйім деп қалай дәлелдейсіздер? Бұл нәрсеге түсінікпен қараңыздар. Бұдан үлкен проблема шығарудың еш себебі жоқ", - деп мәлімдеді әкім жиында.

Шымкент әкімінің бұл сөзі түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісіне жариялаған Айгүл Орынбек "Министрлер мен депуттар түсіндіре алмаған "Тіркеу" жайлы заң жобасын Шымкенттің əкімі Ғабидолла жалпақ тілде түсіндіріп берді", - деп жазды.

Ал Бақыт Сыздықова "Ғабидолла түсіндіре біледі", - деп пікір қалдырған. Дәурен Мақсұтханұлы есімді қолданушы болса әкімге риза болғанын жазды. "Әй, бәрекелді, Ғабидолла! Қарапайым жұрттың тілімен түсіндірген екен, мұндай әкімдер жоқтың-қасы", - дейді ол.


Алайда уақытша тіркеу мәселесінің басқа мәселелеріне назар аударған қолданушылар болды. Мәселен, Айжарық Есали деген қолданушы "Түсінбей жүрген жоқпыз. Тіркеу керек екенін білеміз. Тек өте сауатсыз, жүйесіз, дайындықсыз, зорлықпен жүргізілмесін дейміз. Халық жүйелі заңға қашанда мойынұсынады", - деп жазды.

Еске салайық, 10 қаңтарда үкімет отырысы кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Азаматтарға арналған үкімет" жұмысын сынға алған болатын. "Біз "Азаматтарға арналған үкіметті" құрдық. Нәтижесінде оның немен айналысып жатқаны түсініксіз. Адамдарға онлайн режимде тіркемейтіндеріңіз жайлы айтасыздар, олай болса бұл үкіметті неге құрдық? Ешқандай да жағдай жасамасыңыздар...", - деген еді премьер-министр мемлекеттік корпорацияның төрағасы Данияр Ереншіновке.

Сондай-ақ, үкімет басшысы онлайн тіркеуге қатысты да сын айтқан еді. "Қызметтің бұл түрі бір ай ішінде жүзеге асырылатын болады", - деген Данияр Ереншіновке премьер-министр бір айдан соң халық арасында дүрлігудің азаятыны, сондықтан да енді онлайн режимнің қажет болмай қалатынын айтқан. Ал 17 қаңтарда елімізде онлайн тіркелу мүмкін болды. Ал кейін Данияр Ереншіновнің отставкаға кеткені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети