"Азаматтарға арналған үкімет" басшысы қызметінен босатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқарма төрағасы Данияр Ереншінов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқарма төрағасы Данияр Ереншінов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін, 18 қаңтарда "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқарма төрағасы Данияр Ереншінов өз еркімен мерзімінен бұрын қызметін босатты. Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі Еренчиновтың отставкасын қабылдады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 10 қаңтарда үкімет отырысы кезінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Азаматтарға арналған үкімет" жұмысын сынға алған болатын. "Біз "Азаматтарға арналған үкіметті" құрдық. Нәтижесінде оның немен айналысып жатқаны түсініксіз. Адамдарға онлайн режимде тіркемейтіндеріңіз жайлы айтасыздар, олай болса бұл үкіметті неге құрдық? Ешқандай да жағдай жасамасыңыздар...", - деген еді премьер-министр мемлекеттік корпорацияның төрағасы Данияр Ереншіновке.

Сондай-ақ, үкімет басшысы онлайн тіркеуге қатысты да сын айтқан еді. "Қызметтің бұл түрі бір ай ішінде жүзеге асырылатын болады", - деген Данияр Ереншіновке премьер-министр бір айдан соң халық арасында дүрлігудің азаятыны, сондықтан да енді онлайн режимнің қажет болмай қалатынын айтқан. Ал кеше, 17 қаңтарда елімізде онлайн тіркелу мүмкін болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer