11 мамыр 2023 12:23

ҰБТ-2023: сынақ тестілерінің базасы жаңартылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Негізгі ҰБТ-ның алдында Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Негізгі ҰБТ-ның алдында Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Тестілеуден онлайн форматта орталықтың сайтынан мына сілтеме арқылы өтуге болады.

"Ол үшін тестіленушілерге тек ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, байқау сынағына кірісу қажет", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Ресми мәліметтерге сәйкес, оқу жылының басынан бері онлайн тестілеу 1,5 миллион рет тапсырылған

"Атап өтсем, бұл жаттығу тестін біз қазан айында іске қосып, желтоқсанда сұрақтар базасын жаңартқан болатынбыз. Осы жолы балалардың маңызды емтиханға дайындығын жақсарту үшін тағы да бірнеше нұсқа қосу туралы шешім қабылдадық", – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салайық, 14 мамырға дейін негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау жүргізілуде. Тестілеудің өзі 16-мамыр мен 5-шілде аралығында өтеді. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети