1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ҰБТ-ның алтыншы күні 4348 тыйым салынған зат алынған26 маусым 2017, 19:08

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алтыншы күнінде 4348 тыйым салынған заттар алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 25 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4202 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 4113 (97,88 пайызы) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде - 3428, орыс тілінде - 685 адам. Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, орташа балл 78,94 болғаны айтылады.

Биыл ҰБТ Республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтіп жатыр. ҰБТ-ны 92 827 түсуші тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23 618 - орыс тілінде.


Алматыда митинг өтті