03 маусым 2016 | 09:57

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы: 3 оқушы 125 балл алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҰБТ 44 пунктте өткізілді. Оған өтінім берген 18 599 түлектің 17 934-і қатысты. (13 026 - қазақ тілі, 4 908 - орыс тілі). Сонымен қатар, төрт түлектің бірнеше мәрте ереже бұзғанына байланысты тестілеуден шығып қалғаны және тестілеу қорытындыларының жойылғаны айтылады. 

Мұнымен қатар, сынақтан өтушілерден тыйым салынған 8 522 зат алынған. Айта кетейік, 2015 жылы 7 712 зат алынған болатын. Ал орташа балл - 83,7 (өткен жылы 79,7 балл). Министрліктегілердің айтуынша, көрсеткіштің жақсаруы ҰБТ-ға жақсы дайындықтың нәтижесі екен. 

Ал 50 балл шектік межесіне 2 277 түлек жете алмаған (12,6 пайыз). Ал 125 баллды Алматы қаласының үш түлегі алыпты. Олар - Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының екі түлегі және №12 мектеп-гимназиясының бір түлегі екен. Ал 100 баллдан жоғары алғандардың саны - 3834.

Айта кетейік, осыған дейін КТК телеарнасы Алматыда 5 түлектің ең жоғары балл алғанын хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети