06 ақпан 2021 11:20

UFC 11 файтерін шығарып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антониу Карлос Жуниор. Фото: UFC© Антониу Карлос Жуниор. Фото: UFC©

Ultimate Fighter Brazil 3-тің бұрынғы жеңімпазы, аралас жекпе-жек файтері бразилиялық Антониу Карлос Жуниор UFC-мен келісімшартынан айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ESPN-ге сілтеме жасап.


Ultimate Fighter Brazil 3-тің бұрынғы жеңімпазы, аралас жекпе-жек файтері бразилиялық Антониу Карлос Жуниор UFC-мен келісімшартынан айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ESPN-ге сілтеме жасап.

Орта салмақта өнер көрсететін Антониу Карлос Жуниор қатарынан үш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін оның қоржынында бес жеңіс болған. Сонымен қатар, UFC-ден тағы он адам шығарылды. Сара Морас, Спайк Карлайл, Маркус Перес, Винисиус Морейра, Энтони Айви, Карлтон Минус, Питер Барретт, Джейкоб Килберн, Коул Уильямс және Рис Макки промоушенмен келісімшарттан айырылды.

Еске салайық, алдағы демалыс күндері UFC Вегас 18 турнирі өтеді. Онда ресейлік ауыр салмақтағы Александр Волков Нидерланды өкілі Алистар Овериммен шығады. 

UFC құрамына қазақстандық спортшылар да бар - Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Шавкат Рахмонов және Мария Агапова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети