06 қазан 2023 12:32

ҰҚК: Алматы облысында терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

5 қазанда ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети