ҰҚК Астанадағы EXPO нысандарының қорғанысын тексерді

07 Сәуір 2017, 17:30
0
ҰҚК Астанадағы EXPO нысандарының қорғанысын тексерді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

7 сәуірде "ЕХРО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штабының көшпелі отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста көрменің терроризмге қарсы қорғанысының және ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы қарастырылды.

"Республикалық терроризмге қарсы жаттығудың қорытынды кезеңінің аясында арнайы операцияны өткізу, терроризм актісінің салдарын азайту және жою шараларының әрекет дағдылары пысықталды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың және "Астана ЕХРО-2017" ҰК" АҚ бірінші басшылары, Астана әкімі және ҚХР бақылаушылары қатысты.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің Қытай Халық Республикасының делегациясы мен қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунмен Астанада кездескені жайлы хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай