11 қыркүйек 2017 | 10:24

ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевқа қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Ақмола гарнизонының Әскери сотында 2017 жылдың 24 тамызында Нартай Дүтбаевқа және істің өзге фигуранттарына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Сот отырысы жабық тәртіпте өтті. 

"Соттың үкімі бойынша Н.Н.Дүтбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес мемлекеттік құпияны жария етті, қызметтік өкілін асыра пайдаланды (ҚР ҚК-нің 451-бабы) деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайыналды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. Н.Н.Дүтбаевты генерал-лейтенант әскери шенінен және мемлекеттік сыйлығынан айыру туралы ұсыныс енгізілді", - делінген ҚР Әскери сотының сайтында. 

Осы іс бойынша тағы бір фигурант Р.Ж.Мұратов осындай қылмыс (ҚР ҚК-нің 172-бабы мен 451-бабы) жасады деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. 

Н.Б.Хасен мемлекеттік құпияны жария етті (ҚР ҚК-нің 172-бабы) және қызметтік өкілін асыра пайдаланды (ҚР ҚК-нің 308-бабы) деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. Оны да мемлекеттік сыйлықтан айыру туралы ұсыныс енгізілген. 

Е.С.Нұртаев мемлекеттік құпияны жария етуге қолғабыс етті деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ол да өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Дүтбаев 2016 жылдың 28 желтоқсанында ұсталған болатын.

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети