03 қыркүйек 2020 11:07

ҰҚК Италияда яхтада демалған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видодан скриншот Видодан скриншот

ҰҚК өкілдері Италияда өртенген яхтада болған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК өкілдері Италияда өртенген яхтада болған қазақстандықтарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық туристердің Италияға қалай келгені туралы сұраққа жауап ретінде ҰҚК баспасөз қызметі бірнеше нұсқа айтты.

"Италия жағалауында өртенген яхтаның жолаушылары Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгенге дейін елден кеткен болуы мүмкін", - дейді комитеттегілер.

Италияда өртенген яхта туралы не белгілі?

Сондай-ақ, ҰҚК өкілдері Қазақстандағы төтенше жағдай мен карантиндік шектеулер кезінде кейбір негіздер бойынша қазақстандықтарға елден шығуға рұқсат берілгенін айтады. Мысалы, рұқсат басқа мемлекетке тұрақты тұруға немесе шетелге емделуге кететін иммиграциялық визалары бар, шет мемлекеттерде тұруға рұқсаты бар азаматтарға берілді. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

"2020 жылдың 11 тамызынан бастап Қазақстан азаматтарының шет мемлекеттерге шығуына рұқсат етілді, олармен ҚР Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (туристік мақсаттар үшін тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта жанданды (Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь Республикасы, Германия, Нидерланды, Мысыр, Украина, Оңтүстік Корея, Түркия Республикасы)", - деді ҰҚК өкілдері.

Еске салайық, 27 тамызда Италияда қазақстандықтар отырған яхтаның өртенгені туралы хабарланған болатын. Өрт басталғанда 50 метр Lady MM қайығы Капри аралынан Сардиния аралына қарай бағыт алғаны хабарланды. Жағалау күзеті түсірген видеодан қайық қара түтіннің астында қалып, суға батып жатқанын көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети