28 желтоқсан 2023 10:17

ҰҚК қазақстандықтан сақ дәуіріндегі алтын бұйымдарды тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК қызметкерлері семейлік тұрғыннан Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК қызметкерлері семейлік тұрғыннан Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей тұрғынын ұстады.

"Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети