29 қараша 2020 11:13

ҰҚК қызметкерлері браконьерлерді қуған сәттің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында ҰҚК қызметкерлері браконьерлерді қуған сәттің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысында ҰҚК қызметкерлері браконьерлерді қуған сәттің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰҚК мәліметінше, 27 қарашада Ақтөбе облысындағы "Жамбыл" шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адам ұсталды.

"24 қарашада Т. есімді ер адам өзінің достарын, Ақтөбе тұрғындарын аң аулауға шақырғаны анықталды. 3 автокөлікпен бір топ адам 6 елікті атқан. Көлікті тексеру кезінде елік терісі мен 8 қару табылды", - делінген ресми хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері көрсеткен видеода браконьерлерді қуған сәт пен өлтірілген жануарлар бар.

"Ұсталғандар Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды. Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша рұқсат беріледі. Ұрғашы еліктер әдетте 9 ай жүктіліктен кейін өте әдемі екі елік туады. Олар 12 жылға дейін өмір сүреді. Өтінемін, табиғаттымызды қорғайық!", - деді ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети