04 шілде 2017 16:48

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінінң бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дүтбаевпен бірге ұсталған істің өзге фигуранттарының қамауда отыру мерзімі ұзартылды. 


Ұлттық қауіпсіздік комитетінінң бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дүтбаевпен бірге ұсталған істің өзге фигуранттарының қамауда отыру мерзімі ұзартылды. 

"Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты күдікті Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 26 шілдесіне дейін ұзартты", - дейді Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, бұл тұлғаларға қатысты тергеу құпия түрде жүріп жатыр. Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болды. Ол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бұрынғы басшыға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаев "Мемлекеттік құпияны жария ету" және "Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану" деген күдікпен ұсталған болатын. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалды. 

Еске салайық, Нартай Дүтбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанынан дейін басқарған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети