12 шілде 2017 | 11:19

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нартай Дүтбаев. © Tengrinews.kz Нартай Дүтбаев. © Tengrinews.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Н.Н.Дүтбаевқа қатысты қылмыстық істің тергелуі аяқталды және 2017 жылдың 4 шілдесінен Ақмола гарнизонының әскери сотының қарауында жатыр", - дейді ҰҚК өкілдері. 

ҰҚК-нің бұрынғы басшысына қатысты іс материалдарында мемлекеттік құпиялар бар екені айтылды.

Мұның алдында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев пен істің өзге фигуранттарының қамауда отыру мерзімі ұзартылғаны хабарланған болатын. 

Айта кетейік, бұл тұлғаларға қатысты тергеу құпия түрде жүріп жатыр. Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болды. Ол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бұрынғы басшыға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаев "Мемлекеттік құпияны жария ету" және "Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану" деген күдікпен ұсталған болатын. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалды. 

Еске салайық, Нартай Дүтбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанынан дейін басқарған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети