22 қазан 2020 13:36

ҰҚК-ның "террористерді басып алғаны" түсірілген видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында "Спрут-2020" кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында "Спрут-2020" кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларды, Мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуді оқшаулау ықтималдығы кезінде бірлескен тактикалық іс-қимылдар барысында ҚР ҰҚК бөлімшелерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болды.

"Спрут-2020" кешенді жедел-тактикалық оқу-жаттығуы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің халықаралық терроризм мен экстремизмнің өзге де көріністерінен туындайтын қауіп-қатерге қарқынды қарсы тұру ісінде күш-жігерін біріктірудегі кезекті қадам болды.

Сонымен қатар іс-шара барысында жағдайды бағалауға бірыңғай тәсілді және террористік қауіп-қатер әкелушілер мен олардың қайнаркөздерін жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу пысықталды", - делінген комитеттің хабарламасында.

ҰҚК мәліметінше, оқу-жаттығу қорытындылары бойынша бөлімшелер қойылған міндеттерді сәтті орындап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети