15 желтоқсан 2014 15:33

ҰҚК өкілдері Нұрлан Жоламановтың денсаулығына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Жоламанов. ©Ярослав Радловский Нұрлан Жоламанов. ©Ярослав Радловский

ҚР ҰҚК өкілдері Шекара қызметінің қамаудағы бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановтың тергеу изоляторында гипертониялық кризге ұшырауына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ҰҚК өкілдері Шекара қызметінің қамаудағы бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановтың тергеу изоляторында гипертониялық кризге ұшырауына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жүргізілген тәуелсіз медициналық сараптама жұмыстары Нұрлан Жоламановтың ауруына тергеу изоляторындағы ахуал байланысты емес екенін көрсетті. Оған кездесуге, күнделікті серуенге, келген заттарды алуына (азық-түлік, дәрі-дәрмек, жеке бас тазалығына қажетті заттар, жылы киімдер, мерзімді басылымдар) тыйым салынбайды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ҚР ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топпен түрлі коммерциялық құрылым өкілдерінен 13 эпизод бойынша пара алды деп айыпталған Нұрлан Жоламановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс 3 желтоқсанда жабылды деп хабарлады. Бұған дейін ақпарат құралдары Нұрлан Жоламанов тергеу изоляторында гипертониялық кризге ұшырады деп жариялаған болатын. Қоғамдық қорғаушының айтуынша, генералдың артериялық қысымы 100-ге 180-ді көрсетіп, жүрегі айнып, құсып, басы айналған.

Еске сала кетейік, ҚР Шекара қызметі Нұрлан Жоламанов 2014 жылдың 27 қазанында қызмет бабын теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін сот оны 27 желтоқсанға дейін тұтқындауға санкция берді. Жоламановқа "Пара алу" және "Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатымен ұйымдасқан қылмыстық топ құру немесе оны басқару" баптары бойынша айып тағылды. Тергеудің мәліметінше, Нұрлан Жоламанов 300 мың доллардан артық сомада пара алған. Ол кінәні мойындамады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети