29 мамыр 2023 09:08

Үкімет әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтің баспасөз қызметі әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкіметтің баспасөз қызметі әлеуметтік төлемдер қашан және қаншаға көбейетінін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети