Үкімет комиссиясы "Масанчи оқиғасынан" қаза тапқан Дархан Әбдірақымның отбасына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет комиссиясы "Масанчи оқиғасынан" қаза тапқан Дархан Әбдірақымның отбасына барды © primeminister.kz

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірақымның отбасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірақымның отбасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. 

Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан біз шын қайғырып көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады", - деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді. 

Айта кетейік, Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан қаза болғандардың арасында Масанчиге басқа ауылдан келген бір адам болғанын растаған.

Бұған дейін Масанчи ауылындағы тәртіпсіздікте қаза тапқан 8 адамның тізімі жарияланған еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети