21 қаңтар 2023 10:54

Үкіметте экономиканы демонополизациялау туралы айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister сайтына сілтеме жасап.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister сайтына сілтеме жасап.

Отырысқа қатысушылар теміржол тасымалында өндіріс процесінің ажырамас бөлігі саналатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын талқылады.

Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Отырыс барысында бірқатар жеке компанияның меншік иелерінен 145 кірме теміржолды мемлекет меншігіне беру туралы ұсыныстар түскені айтылды.

Үкімет басшысы осы шараларды іске асыру үшін барлық қажет рәсімді жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылым нысандарын мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыс барысын қарады.

Әлихан Смайылов жақын арада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қаралған барлық мәселе бойынша рәсімдерді жеделдетуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети