27 наурыз 2017 13:15

Украина Назарбаевқа тосынсый дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Украина президентінің баспасөз қызметі. © Украина президентінің баспасөз қызметі.

Украина EXPO-2017 көрмесіне Назарбаевқа тосынсый дайындамақ. Украина халықаралық көрмеге Елбасының сүйікті әртістерін алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Украина EXPO-2017 көрмесіне Назарбаевқа тосынсый дайындамақ. Украина халықаралық көрмеге Елбасының сүйікті әртістерін алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз энергетика бойынша не көрсететінімізді дайындап жатырмыз және украиналық әртістерді де, Президент Назарбаевқа ұнайтындарды да. Президенттеріңіз украиналық заманауи музыкаға қызығатынын білдік, оқып жүргенде ғана салған әндер емес", - дейді Астанадағы брифинг кезінде Қазақстандағы Украина істері бойынша уақытша сенім тапсырылған Володымыр Джиджора.

Дегенмен ол көрмеге дәл қай әртістер келетінін айтпады.

"Мәселен, жақында Астанада Монатиктің концерті өтеді. Бірақ бұл Президенттеріңіз сүйіп тыңдайтын әншілер қатарынан емес. Бұл ақпаратты әзірге жасыра тұрамыз, былайша айтқанда, жағымды тосынсый жасағымыз келеді", - дейді ол. 

Дипломаттың сөзінше, көрмеге Украинадан энергетика саласында жұмыс істейтін 10 компания келеді. 

"Басты элемент - медиапрезентация. Біз ешқандай да техника мен механизмдер алып келмейміз. Бұл компаниялар электр қуатын өндіру, тасымалдау және сақтаумен айналысады", - деп атап өтті Володымыр Джиджора.

Сонымен қатар, ол көрме қонақтарының ұлттық тағамдардан дәм тата алатынын айтты. 

"Менің айтпағым көрмеде қымбат иіссу емес, борщ иісі шыққаны жақсы", - деп аяқтады ол сөзін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети