09 маусым 2022 20:54

Үлкен аулы маңында - министр Ақшолақов АЭС құрылысы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен аулы. Фото ©Tengrinews.kz Үлкен аулы. Фото ©Tengrinews.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Алматы облысындағы Үлкен аулының маңында атом электр станциясын салу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов Алматы облысындағы Үлкен аулының маңында атом электр станциясын салу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нақты орналасқан жері бойынша емес, орналасу аймағы бойынша ведомствоаралық комиссия жүргіздік. Бұл - Балқаш көлінің аумағы, Алматы облысы Үлкен аулының маңы. Орналастыру аймағын анықтадық. Биыл мен бірнеше рет айтқан нюанстарды зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Олар геологиямен, сумен, экологиямен байланысты. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады. Содан кейін есептеулер басталады. Бірақ есептеулер жүргізу үшін технологияны анықтау қажет. Біз технологияны келесі жылы анықтаймыз", - деді Ақшолақов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атом электр станциясы (АЭС) қайда салынатыны бойынша шешім шығарғанын және ықтимал жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатқанын айтқан еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети