05 шілде 2023 11:32

"Үлкен үміт артамын". Тоқаев жастарға үндеу жасады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда баспасөз қызметі фото Ақорда баспасөз қызметі фото

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның құндылықтар жүйесін қалпына келтірмей реформалардың мағынасы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның құндылықтар жүйесін қалпына келтірмей реформалардың мағынасы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астананың 25 жылдығына арналған бауырлас қалалары форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы жастарға, қалалар мен елорданың жас тұрғындарына үлкен үміт артатынын мәлімдеді.

"Алайда қоғамның құндылықтар жүйесі жаңғырмай, барлық реформамыздың мәні болмайды. Бұған кәміл сенемін. Қазақстанның орнықты дамуы үшін дүниетаным парадигмалары түбегейлі өзгеріп, адамдардың мінез-құлық моделі жаңаруы қажет. Сондықтан мен жастарға, қалалар мен елорданың жас тұрғындарына үлкен үміт артамын.

Астана - жас әрі мақсаты асқақ қала. Ұлан-байтақ еліміздің әр аймағынан келген азаматтарымыз қалада тұрақтап қалуға тырысады. Талай жастың елордада бағы ашылды, олар өмірден өз орнын тапты. Бүгінде Астана – мол мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әрбір азамат өз әлеуетін пайдаланып, мансап жолында жетістікке жетіп, өзінің арман-мақсатын жүзеге асыра алады.

Астана - өзгерістердің қайнаған ортасы, түбегейлі жаңғырулардың асыл діңгегі. Бұл жерде жалпыұлттық бірегейлігіміздің жаңа қырлары мен ұлттың жаңа сапасы қалыптасады" - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети