Ұлттық банк “ақ“ долларды сатып алу тәртібін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com/rmcarvalhobsb Фото:depositphotos.com/rmcarvalhobsb

Ұлттық банк "ақ" долларларды сатып алу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Реттеушінің мәліметінше, 1996 жылдан 2013 жылға дейін шығарылған банкноттарды әкету мүмкіндігі туралы мәселені екінші деңгейлі банктер атынан Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы көтерген.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк "ақ" долларларды сатып алу тәртібін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Реттеушінің мәліметінше, 1996 жылдан 2013 жылға дейін шығарылған банкноттарды әкету мүмкіндігі туралы мәселені екінші деңгейлі банктер атынан Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы көтерген.

"Ұлттық банк уақытша шешім ретінде ЕДБ-ге (екінші деңгейлі банктерге) банк жүйесінде сұранысқа ие емес қолма-қол шетел валютасын әкету мүмкіндігін ұсынады. Бұл механизм Ұлттық банктің ЕДБ-ден "ескі" үлгідегі қолма-қол АҚШ долларын сатып алып, оны сыртқы нарықтарға қайта сатуын қарастырады. Аталған операцияларды жүргізу шарттары ЕДБ-нің сұрауы бойынша оларға жеткізілді", – деп хабарлады Ұлттық банк Tengrinews.kz сауалына жауап ретінде.

Сонымен қатар Ұлттық банктің ақша айырбастау пункттерімен тікелей операциялар жүргізбейтіні нақтыланды.

"Айырбастау пунктінің кассасын қолма-қол шетел валютасымен толықтыру үшін уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасын сатып алу туралы келісімшарт жасасқан ЕДБ-ге жүгінуі қажет. Бұл валюта реттеу туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады", – деп түсіндірді Ұлттық банк.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің ескі үлгідегі долларларды банктерден сатып алып, оларды шетелге шығаратыны белгілі болған еді. Былтыр ҰБ (Ұлттық банк) ЕДБ-ден қабылданған, сұранысқа ие емес қолма-қол долларларды шетелге 48 миллион доллар көлемінде шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer