05 маусым 2020 19:11

Ұлттық банк алдағы үш күндегі доллардың ресми бағамын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк демалыс күндері, 6-8 маусымда және дүйсенбіде теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы қандай болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк демалыс күндері, 6-8 маусымда және дүйсенбіде теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы қандай болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банктің ресми бағамы 6-8 маусымда бір доллар үшін 399,67 теңге болады. Бұл ең аз өсім, өйткені 5 маусымда USDKZT жұбы бір доллар үшін 399,51 теңгеге жетті.

Еске салайық, теңге мамыр айының екінші жартысында тұрақты нығая түсті. 3 маусымда доллар бағамы наурыздың ортасынан бастап Қазақстан қор биржасында 400 теңгеден төмен түсті.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан айырбастау пункттеріндегі доллар 401-402 теңгеге сатылып, 400-400,1 теңгеге сатып алынып жатыр. Алматыда айырбастаушылар 401,3 - 402,2 теңгеге валюта сатып, 399,8 - 400,8 теңгеге сатып алады. Дегенмен, валюта доллар үшін 404 теңгеге дейін жетті.

 

Бұған дейін сарапшылар Tengrinews.kz тілшісіне теңге бағамының нығаю себебін айтқан болатын. Олардың ішінде - сыртқы саяси жағдайдың жақсаруы, бүкіл әлемде карантиннің әлсіреуі, мұнай бағасының нығаюы бар. Сонымен қатар, мамандар қазақстандықтарды маусым айында не күтетінін хабарлады.

Ал кей сарапшы жақын арада доллар тіпті 380 теңгеге дейін төмендейді деп болжап отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети