14 қыркүйек 2021 12:05

Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляцияның жеделдеу себептерін атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2021 жылғы сәуірден тамызға дейін жылдық инфляция 7-ден 8,7 пайызға дейін жеделдегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2021 жылғы сәуірден тамызға дейін жылдық инфляция 7-ден 8,7 пайызға дейін жеделдегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда инфляцияның өсуі тұрақты сипатқа ие бола бастады. Ай сайынғы бағаның өсуі тамызда 2008 жылдан бері алғаш рет ең жоғары көрсеткішке жетті. Маусымдық базалық инфляция, яғни көкөністер мен жемістер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері мен энергия ресурстары бағасының өсуін есепке алмағанда инфляция орташа мәннен 25 пайызға жоғары және тұрақты инфляциялық процестердің қалыптасуын көрсете отырып, 0,75 пайыз болған", - деді Досаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бағаның негізгі қысымы азық-түлік инфляциясы тарапынан туындайды, бұл тұтыну бағасының жиынтық индексінің 51 пайызы болған.

"Жылдық өсім 2021 жылдың тамызында 11,4 пайызға жетіп, бір айда 0,4 пайызға артты. Ет, көкөніс, май және қант бағасының өсуі байқалады. Бұл тауарлардың азық-түлік компонентіне үлесі 2021 жылдың мамыр-тамызда 2,55 пайыз болды. Еттің қымбаттауы факторларының арасында 2021 жылғы 7 айда азықтың 25 пайызға қымбаттауына байланысты әлемдік бағаның және ішкі өндірушілер бағасының өсуін атап өтуге болады. Жем-шөп дақылдарының құны ет өндірісінің өзіндік құнының - 70 пайызы", - деп толықтырды Ұлттық Банк басшысы.

Тамызда азық-түлік емес инфляция 0,1 пайыздық тармаққа 7,3 пайызға дейін өсті.

"Өндірушілер бағасының өсуі және сұраныстың қалпына келуі аясында ЖЖМ бағасы өсіп жатыр, бұл киім мен аяқ киім бағасының өсуін жеделдетеді. Олардың азық-түлік емес инфляцияға қосқан үлесі 2021 жылдың мамыр-тамызында 0,94 пайыз болды", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, ақылы қызметтердің инфляциясы 2021 жылдың тамызында 0,5 пайызға 6,6 пайызға дейін өскен.

"Шекті тарифтердің көтерілуіне байланысты электр энергиясы бағасының өсуі 10,1 пайыз болды. Сұраныстың қалпына келуі аясында тұрғын үйді жалға алу, қоғамдық тамақтану, газ және жолаушыларды әуе тасымалдау бағасы өсті", - деп түйіндеді ол.

Қазақстанда базалық мөлшерлеме 2020 жылдың шілдесінен бері өзгерген жоқ және 9 пайыз деңгейінде болды. 2021 жылғы шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтерді. Қыркүйек айында елде базалық мөлшерлемені жылдық 9,5 пайызға дейін + / - 1,00 пайыздық пунктпен көтеру туралы шешім қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети