Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол жылдық 14,25 пайызға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол жылдық 14,25 пайызға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25 пайызға дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Биылғы мамыр және маусымда жылдық инфляция, Ұлттық банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасып, біртіндеп төмендеп келе жатқаны айтылды.

"Халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі жоғары мәндерден кейін төмендеді. Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейде инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру мен тұтынушылық кредиттеу қолдайтын тұрақты ішкі сұраныстың, сондай-ақ жалғасып жатқан реттелетін бағалар реформасының салдарынан инфляциялық қысым сақталған".

Ұлттық Банк келіп түсетін деректерді, соның ішінде баға өсуінің тұрақты бөлігін және жалпы инфляцияның таргетке жақындау траекториясын бақылайтын болады. Алдағы тамызда болатын болжамды раунд аясында фискалдық саясаттың параметрлерін қоса алғандағы қалыптасатын тәуекелдер балансы, сондай-ақ бағамдық фактордың салдарынан ақша-кредит шарттарының жұмсару әсері бағаланады..

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 29 тамызда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer