16 тамыз 2022 11:18

Ұлттық банк жалған банкнотты қалай ажыратуға болатынын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚР ҰБ Фото: ҚР ҰБ

Ұлттық банк өкілі жалған ақша жасаушылар 2000, 5000 және 10 000 теңгелік номиналдарды көп жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк өкілі жалған ақша жасаушылар 2000, 5000 және 10 000 теңгелік номиналдарды көп жасайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 408 150 теңгенің қолдан жасалған 139 ақша белгісін (136 банкнот пен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41 пайызға аз көрсеткіш (340 жалған ақша белгісі).

Жалған банкноттардың көп  бөлігі Алматыда - 68 дана (жалпы көлемнің 51 пайызы), Нұр-Сұлтан қаласында - 16 дана және Шығыс Қазақстан облысында 29 дана анықталды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Ұлттық банкінің өкілі түпнұсқа банкноттарды қолдан жасалған ақшадан ажыратуға көмектесетін қарапайым қағидалардың бар екенін еске салды. Банкноттарда бедер тудыратын арнайы мөр бар.

"Сол сияқты барлық банкноттарда көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін дөңес тәрізді жоғары бедерлі элемент түріндегі белгілер бар.

Банкноттың түсі анық және контрастылы болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотты жарыққа бағыттап көру қажет", - деп толықтырды.  

Банкнот бетіндегі жазулары бар тұтас жіп тәріздес, жарықта анық көрінетін жазулар бар үзік сызық түріндегі тұтас магниттік және сүңгуір жіпке де назар аударған жөн.

"Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноттарда түрлі-түсті бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар. Банкноттың көлбеу бұрышы өзгерген кезде бейнелердің түсі жасылдан алтын түске дейін өзгереді", - деді Ұлттық банк өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети