08 қазан 2018 10:23

Ұлттық банк жарты миллиард долларға интервенция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылдың қыркүйегінде ішкі валюта нарығында ұлттық валютаның әлсіреуіне әкелген теңгерімсіздіктер едәуір күшейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылдың қыркүйегінде ішкі валюта нарығында ұлттық валютаның әлсіреуіне әкелген теңгерімсіздіктер едәуір күшейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктегілердің мәліметінше, Қазақстанға ішінара ғана тікелей қатысты әлемдік нарықтардан жағымсыз жаңалықтар ішкі валюта нарығына қатысушылардың және олардың клиенттерінің шамадан тыс ден қоюына апарды. Нәтижесінде шетел валютасына ұсыныстың төмендеуі аясында оған деген сұраныстың ұлғаюы байқалған.

"Бұл ретте әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы ахуал түрлі бағытта қалыптасты. Мұнайдың әлемдік нарығы бағаның өсуімен сипатталды, ол 2014 жылғы желтоқсаннан бастап ең көп мәндерге жетті. Қаржы нарықтары сауда қақтығыстарының күшеюі және әлемнің аса ірі экономикалары арасындағы шиеленістің өсуі арқылы дамыды. АҚШ-тың санкциялық және протекционистік саясаты, сондай-ақ Федералдық резервтік жүйенің мөлшерлемелерді арттырудың жалғасып отырған циклы дамыған нарықтардың пайдасына капитал ағындары бағытының өзгеруіне себепші болды", - дейді банктегілер.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, Ресей рублінің әлсіреуі қыркүйектің басында ішкі валюта нарығына жағымсыз әсер еткен барынша маңызды сыртқы фактор болды.

"Девальвациялық күтулердің күшеюін болдырмау үшін және ішкі валюта нарығын тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банк 2017 жылғы қазаннан бастап алғаш рет валюталық өктемдік жүргізу туралы шешім қабылдады. Мәселен, 2018 жылғы 5-7 қыркүйек аралығындағы кезеңде шетел валютасына ұсыныс болмаған жағдайда Ұлттық Банк 520,6 миллион АҚШ долларын сатты. Бұл күндері Ұлттық Банктің қатысу үлесі валюта биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемінен 80 пайызға жуық болды, алайда тұтастай алғанда бір ай ішінде Ұлттық Банктің қатысу үлесі 13,6 пайыз болды", - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети