Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк теңгенің бұрынғы портреттік сериясын шығаруға қарсы емес

14 Қазан 2016, 10:28
0

Ұлттық банк теңгенің бұрынғы портреттік сериясын шығаруға қарсы емес, - деп хабарлайды Алматы телеарнасы. 

Телеарнаның мәліметінше, төл валютаның ұлт зиялылары бейнеленген алғашқы нұсқасы халықтың ықыласына бөленгені рас. Дизайнерлер ұсынып жатса, банкноттар бетіне қайтадан әл-Фарабидің, Сүйінбайдың, Абайдың және Шоқан Уәлихановтың бейнесі қаз-қалпында бұрынғыдай түсуі мүмкін. Бұл ақпаратты Астанада өтіп жатқан "Теңге - тәуелсіз Қазақстанның валютасы" атты конференцияда бас банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева растады.

Бүгінде әлемдегі ең әдемі банкноттардың қатарына енетін теңге арнайы мерекелік даталарға байланысты сериялармен шығуда. Бұған дейін "Қазақ елі", "Бәйтерек" серияларымен айналымға шыққан. Келелі жиында теңгенің алғашқы эскиздерінің авторлары тәуелсіздік алып, дербес мемлекет атанған тұстағы қиын-қыстау кезді бір еске алды.

"Индустрияда банкнот шығарып, қазақтар мақтануды жақсы көреді. Полиграфия, банкнот басатын техника бойынша үйрендік. Біздің мамандарымыз қазақша да, ағылшынша да оқыған балалалар. Көп қиналмай жасаймыз", - деді Ұлттық валюта эскиздерін алғаш жасаушылардың бірі Меңдібай Алин.

Телеарна мәліметінше, алғашқы банкноттарды жасауда әсіресе, Әбілқайыр мен Абылайхандардың кескінін салу қиындық туғызған. Алғашында академик Герасимовтің жасаған бас қаңқалары негізінде суреттер салыныпты. Скандинав, орыс саяхатшыларының да тарихи мәліметтері зерделеніп, қос ханның бейнесі суреттелген. Кейіннен теңгенің нобайына бірнеше рет түзетулер енгізілген. Авторлар небәрі үш айдың ішінде алғашқы валютаның нұсқаларын Президентке ұсыныпты. 

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Ұлттық банкінің өкілдері ескі үлгідегі купюраларға деген тыйымның 4 қазаннан бастап қана салынатынын айтқан болатын. "3 қазаннан бастап ескі үлгідегі банкноталардың жүрісі аяқтаады. 4 қазаннан бастап бұл банкноталар Қазақстан территориясында заңды төлем құралы болмайды. Айта кетейік, 3і күні бұл банкноталар әзірше заңды төлемқ құралдары", - деген еді Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай