16 сәуір 2014 17:36

Ұлттық банк төрағасы Сенат отырысына не үшін қатыса алмағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов. Фото ortcom.kz сайтынан алынды Қайрат Келімбетов. Фото ortcom.kz сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Кедімбетов Парламент Сенатының отырысына не үшін қатыса алмағынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Кедімбетов Парламент Сенатының отырысына не үшін қатыса алмағынын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынында да мен өкінішке орай, Сенаттың пленарлық отырысына қатыса алмадым. Біз бұл уақытта жұмыс тобымен бірге Евразиялық экономикалық комиссияның мәселелерін талқылаған едік. Ұлттық банк басшысының ешқашан Сенатқа жүйелі түрде бармай қою ниеті жоқ. Мен Сенатта бірнеше рет болғанмын. Бұл әдейі жасалған мәселе екенін сезінемін. Жақын уақытта, егер сенаторлар қажет деп тапса, мен сонда боламын",- деді Қайрат Келімбетов журналистердің "сіз қашан Сенат отырысына қатысасыз?" деген сұрағына берген жауабында. 

Еске сала кетейік, "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылау барысында сенатор Светлана Жалмағамбетова мәселе көтерген болатын. Ол вице-премьер-министр Бақыт Сұлтановқа, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа және Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметовке назар аударған. Қайрат Келімбетов отырыста болған жоқ. "Неге екені белгісіз, жолдас Келімбетов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалғалы бері Сенатқа келуді қойды",- деді С.Жалмағамбетова. Бұдан бұрын Ұлттық банктің экс-басшысы Григорий Марченко да Парламентке келмей қоюының салдарынан депутаттар сынына ұшыраған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети