17 шілде 2019 16:58

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кімдер кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы:

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

Көшербаев Қырымбек Елеуұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары

Қарин Ерлан Тынымбайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы 

Ұлттық кеңестің мүшелері:

Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы - Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша)

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Әбдіғалиұлы Берік - Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша)

Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы - қоғам қайраткері, "Серпін" Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы - "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Әшімбаев Данияр Рахманұлы - қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)

Байтасов Арманжан Мерекеұлы - Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)

Бұқарбай Бақытжан - қоғам қайраткері, "Мен ояндым" акциясының қатысушысы (келісім бойынша)

Дорофеев Михаил Викторович - журналист, "Informburo.kz" мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы (келісім бойынша)

Еспаева Дания Мәдиқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жандосов Ораз Әлиұлы - "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша)

Жолдыбайұлы Қайрат - қоғам қайраткері,  дінтанушы (келісім бойынша)

Жұмалы Расул - қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)

Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы - әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы - қоғам қайраткері, "Қазақ үні" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)

Кенжеханұлы Рауан - "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Қалиев Талғат Бегімұлы - "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)

Қожахметов Асылбек Базарбайұлы - "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Қожық Жәнібек - қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Қуат Дәурен - журналист, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)

Құттықадам Сейдахмет Рысқожаұлы - қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Мусин Бағдат Батырбекұлы - кәсіпкер, IT-маман (келісім бойынша)

Мұқибек Ауыт - қоғам қайраткері, "Nur Otan" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша)

Мырзахметов Абылай Исабекұлы - "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Нұрбек Саясат - саясаттанушы, "BTS Digital" білім беру жобаларының басшысы (келісім бойынша)

Нұров Қанат Ильяұлы - Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті (келісім бойынша)

Омарова Айман Мұратқызы - адвокат, "Құқық қорғаушылар" қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)

Орынбек Айгүл - құқық қорғаушы қайраткер (келісім бойынша)

Ошақбаев Рахым Сәкенұлы - "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы - "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Садырбай Асхат Мұратұлы - "Team Qazaqstan" жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)

Саиров Ерлан Бияхметұлы - Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Сарым Айдос Әміроллаұлы - қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)

Споткай Максим Александрович - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)

Тайжан Мұхтар Болатханұлы - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы - "Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы - Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер (келісім бойынша)

Тілеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Чеботарев Андрей Евгеньевич - "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)
Шибұтов

Марат Мақсұмұлы - "Транспаренси Казахстан" қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Шораев Арман Төлегенұлы - "Қазақстан барысы" даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети