21 маусым 2021 14:33

Ұлттық қор тұтыну режиміне өтті - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің бюджет кірістеріндегі үлесі жыл сайын өсіп келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің бюджет кірістеріндегі үлесі жыл сайын өсіп келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық қор жинақтау режимінен тұтыну режиміне өтті. Біз қазіргі тенденцияға өте мұқият болуымыз керек. Республикалық бюджет кірістерінде жыл сайын Ұлттық қордан трансферттің үлесі өсіп келеді: 2020 жылы ол 40 пайыз болды. Пандемия жағдайы  жақсарады деп сенімді айта алмаймыз, ал мемлекеттік міндеттемелер өсіп жатыр. Әлеуметтік блоктың шығындары қазірдің өзінде бюджет көлемінің 40 пайызынан көбіне жетіп отыр", - деді Перепечина Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ол дағдарыс кезеңінде бұл шара мәжбүрлі және негізделе қабылданғанын, бірақ әлемдік экономиканың түбегейлі өзгеруі аясында шикізаттық емес кірістердің жаңа көздерін іздеу және болашақ ұрпақ қаражатын, Қазақстанның "қауіпсіздік көпшігін" басқару тәсілдерін қайта қарау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, сенатор Үкімет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышы өсіп бара жатқанын атап өтті.

"2020 жылы ол 1,6 триллион теңгеге өсіп, 13,9 триллион теңгеге жетті. Біз үлкен көлемде валюта түрінде қарыз алып жатырмыз. Бүгінде қарыздардың валюталық бөлігіне қызмет көрсетуге көп қаражат жұмсалады. 2012 жылы ол 9,3 миллиард теңге болса, 2020 жылы 22 есе өсті - 208 миллиард теңгеге жетті. Мұны көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға жұмсалатын шығынмен салыстыруға болады - 236 миллиард теңге", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, елде тиімсіз жоспарлау, қарыз қаражатының игерілмеуі, тәуекелдердің жеткіліксіз деңгейде пысықталуы, жоспарланған көрсеткіштердің орындалмауы байқалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети