Ұлттық мереке Шымкентте қалай тойланбақ?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық мереке Шымкентте қалай тойланбақ?

Шымкент қаласында Республика күніне орай қандай мәдени және спорттық іс-шаралар өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласында Республика күніне орай қандай мәдени және спорттық іс-шаралар өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 қазан Республика күні Шымкент қаласында кең көлемде тойлану жоспарланған.

Атап айтар болсақ: 21 қазан күні:

  • сағат 11:00 - "Өркениетке ұмтылған Қазақ елі", "Қазақстаным - қара шаңырағым", "Тұғыры биік туған ел" іс-шаралары мен кештер;
  • сағат 11:00 - "Шым-қала" тарихи кешенінде "Менің Отаным - Қазақстан", "Менің сүйікті Отаным" атты жастармен кездесу;
  • сағат 15:00 - "Оңтүстік" индустриялды аймағында QAZALPACK жаңа кәсіпорынның ашылуы;
  • сағат 17:00 - Жастар ресурстық орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қайырымдылық керуені" республикалық форумы мен гала-концерті;
  • сағат 17:00 - Шымкент қалалық опера және балет театрында Д.Россинидің "Золушка" операсы.

22 қазан күні:

  • сағат 15:00 - "Көрме" орталығында Республика күніне арналған "Менің елім Қазақстан" атты салтанатты мерекелік іс-шара;
  • сағат 16:00 - "Достық үйі" ғимаратында "Бірлік алаңы" жобалық кеңсесінің ашылуы;
  • сағат 16:00 - Еңбекші ауданы Қойгелді батыр көшесінде балалар алаңшасының ашылуы;
  • сағат 17:00 - Шымкент қалалық опера және балет театры "Шаттық әнге саламын" атты опера әншісі Үрәлхан Сейілованың шығармашылық кеші;
  • сағат 15:00 - Шымкент қалалық орыс драма театрында М.Ладоның "Очень простая история" лирикалық комедиясы.

23 қазан күні:

  • сағат 15:00 - Шымкент қалалық орыс драма театрында Е.Шварцтың "Красная шапочка" балаларға арналған ертегісі;
  • сағат 19:00 - Шымкент қалалық орыс драма театрында П.Бомаршенің "Безумный день или женитьба Фигаро" атты комедиясы.

24 қазан күні:

  • сағат 11:00 - Орталықтандырылған кітапханада "Отаным - алтын бесігім" атты тарихи сағатта;
  • сағат 12:00 - Орталықтандырылған кітапханада "Қазақстан - байтақ өлкем, кең арнам" атты тарихи кеш.

25 қазан күні:

  • сағат 10:00 - Әкімшілік іскерлік орталығының алаңында Шымкент қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді қала халқына таныстыру;
  • сағат 11:30 - Тәуелсіздік саябағы, Ордабасы алаңында Мемлекеттік Тудың салтанатты көтерілуі және Ордабасы алаңынан бастап Мемлекеттік Тумен автошерудің қала көшелерімен жүріп өтуі;
  • сағат 11:00 - Аз қамтылған отбасылардың мекенжайлары бойынша "Жанашыр жүрек" атты аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы;
  • сағат 15:00 - Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада "Мен Отанымның бақытты ұлымын" атты тәрбие сағаты;
  • сағат 15:00 - Қалалық жасөспірімдер кітапханасында "Әлем. Тарих. Қазақстан" атты патриоттық кеш;
  • сағат 15:00 - Шымкент қалалық қазақ академиялық драма театрында С.Қасымбектің "Атжалман ғасыр" драмасының қойылымы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +34
Ақтау +27
Ақтөбе +21
Атырау +27
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +32
П
Павлодар +33
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +36
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +28
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер