28 қазан 2020 12:22

Ұлттық статистика бюросының басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы қызметін атқарған болатын.

Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы 1979 жылғы 22 шілдеде Жамбыл облысында туған.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін Заңтану мамандығы бойынша бітірді.

2001 жылдан бастап 2002 жыл аралығында ҚР Статистика агенттігінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" РМҚ-да жұмыс істеді 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жетекші маманы

2003-2007 жылдары - "Мемлекеттік экспорттық кредиттер және инвестицияларды сақтандыру корпорациясы" АҚ-ның бас маманы, Қаржы департаментінің директоры

2007-2008 жылдары - "КАЗАгро "ҰҚ" АҚ-ның басқарушы директоры 2008-2009 жылдары - "КазАгроГарант" АҚ-ның басқарма төрағасы

2009 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін - Astana Knowledge City АҚ консультанты 2009-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары

2011-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агеттігінің Жауапты хатшысы 2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Департаментінің директоры. 2015-2016 жылдары - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети