Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша 4 мыңнан аса өтінішті мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша 4 мыңнан аса өтінішті мақұлдады © Тengrinews.kz

Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша 4 мыңнан аса өтінішті мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеді.  

"2015 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысуға тоғыз мыңнан аса қарыз алушы банкке өтініш білдірді. Төрт мыңнан аса өтініш қанағаттандырылды. Біз бұл бағдарламаның жүзеге асу қарқынына аса разы емеспіз. Бірақ біз БАҚ-тың көмегімен екінші дәрежелі банктерге үндеу саламыз - бізге бұл бағдарламаның жүзеге асу қарқынын арттыру қажет. (...) Бұл бағдарлама ипотекалық несие саласындағы проблемалық қарыз алушылардың жағдайын едәуір жақсартады. Бізге жүйелік негізде проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін қосымша шаралар керек", - деді Терентьев "ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберіндегі қызметі" тақырыбында өткен брифинг барысында.

Бұған дейін Қазақстан банктерінің теңге бағамының өзгеруіне байланысты жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеуге салымшылардан өтініш қабылдау мерзімін ұзартқандары хабарланған болатын. Өтініштер биыл 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети