Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақстан банктері теңге бағамына байланысты өтемақы төлеуге өтініш қабылдау мерзімін ұзартты

30 Қыркүйек 2015, 11:31
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан банктері теңге бағамының өзгеруіне байланысты жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеуге салымшылардан өтініш қабылдау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өтініштер 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

"Бұл шешім теңгедегі депозиттің өтемақысына құқығы бар салымшыларды барынша көп қамту мақсатында, сондай-ақ банктердің өтініші бойынша қабылданды. 18 тамыздағы операциялық күннің соңында салымшының екінші деңгейдегі банктерде және "Қазпошта" АҚ-та теңгеде ашылған депозиті болған жағдайда оған өтемақы төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Өтемақы төлеу жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады. Өтемақы алу үшін салымшы депозитті қайта ресімдеген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге депозитті арнайы шотта сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды. Егер салымшыда бірнеше депозит болса және олардың барлығындағы сома 1 миллион теңгеден төмен болса, олардың әрқайсысына өтемақы төленеді.

Мамандардың бағалауынша, өтемақы 1,5 миллион адамға немесе теңге депозиті бар салымшылардың 86 пайызына төленеді.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Қазақстан үкіметі теңге бағамын еркін ауытқуға жіберді. Артынша доллар бағамы 255 теңгеге жетті, кейін төмендей бастады. Соңғы аптада шетел валютасының бағамы 270 теңге деңгейінде сақталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай