08 мамыр 2015 | 19:49

Ұлы Отан соғысынан барлығы сабақ алған жоқ - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©May9.ru ©May9.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшыларының Мәскеудегі кездесуі кезінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы ақиқатты сақтаудың қажеттілігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшыларының Мәскеудегі кездесуі кезінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы ақиқатты сақтаудың қажеттілігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Қасіретті жылдарда біздің халықтар нацистердің қаупінің алдында бірікті. Дәл біздің елдерге негізгі ауыртпалық түсті, біздің әкелеріміз бен аталарымыз жеңді. Егер олар жеңбесе, саясаттың, экономиканың, біздің халықтардың қайда болатыны, қай бағытқа кетері белгісіз еді. Осындағы барлық ел секілді, Қазақстан да осы ұлы жеңіске салмақты үлес қосты. Сол кезеңдегі халықтың 20 пайызы - 1,5 миллион адам ұрыс алаңына кетті, оның жартысы ғана оралды. 500-ден астам адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Өзге елдер секілді, Қазақстан да сенімді тылға айналды", - деп мәлімдеді Назарбаев. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тарихи деректер бұрмаланып жатыр.

"Өкінішке орай, соңғы уақытта біз кейбір саясаткерлер мен мемлекеттердің Ұлы Отан соғысының қорытындысына тексеру жүргізгісі келген әрекетін көріп жүрміз. Тарихи деректерді бұрмалау жүріп жатыр, барлығымыз үшін мұндай қатынас қабылданбайды. Болашақта осындай апат болмауы үшін, жеңісіміз туралы ақиқатты біз бірге сақтауымыз керек, келесі ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Бүгінде біз барлығының сабақ алмағанын көріп отырмыз, өткен қателіктер қайталанып жатыр. Біз ауыр кезеңді өткеріп жатырмыз, тұрақсыздықтың ушығып жатқан аумағы кеңейіп жатыр, жаңа қақтығыстар пайда болу үстінде. Маңыз қақтығысты бейбіт дипломатиялық жолмен шешуге қойылып отырған жоқ, оның қаупі зор", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Назарбаев бүгінгі өмірге халықаралық терроризмнің, оның халықаралық деңгейге көтерілген формалары мен масштабының қауіп төндіре бастағанын мәлімдеді.

"Барлық мемлекеттің ішкісаяси тұрақтылығы мен бейбіт дамуы қауіп алдында тұр. Осы зұлымдыққа біріккен күшімізбен қарсы тұруға болады. Терроризмге қарсы іс-қимыл көрсету үшін ТМД аясында кешенді құқықтық ұйым жүйесі құрылды. Осыған байланысты біздің құрған достастық құралдарының тиімділігін арттыру қажеттілігі пайда болды. Осы мәселелерді ТМД мемлекеттері басшыларының келесі отырысында қозғауға болады деп есептеймін", - деп қорытындылады Назарбаев өз сөзін.

Айта кетейік, келесі кездесу Астанада 9 қазанға жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети