25 қаңтар 2022 16:06

Ұлыбритания мен АҚШ өкілдері Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания мен АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдері, елшілер Нил Буш пен Майкл Карпентер Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлыбритания мен АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдері, елшілер Нил Буш пен Майкл Карпентер Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыбритания мәлімдемесі

Елші Нил Буштың айтуынша, ұлыбританиялық делегация Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық алдында сөйлеген сөзінде Алматы мен басқа да қалаларда бейбіт наразылықтар мен оны басып алған "ұйымдасқан қылмыстық элементтер" арасындағы нақты айырмашылық болғанын баса айтқанын құптады.

Бұл топтың "конституциялық билікті құлатуды көздегені анық" екенін айтқан дипломат бұл мұқият зерттеуді қажет ететін мәселе екенін атап өтті.

"Жақын достар ретінде Қазақстандағы кейінгі қайғылы оқиғаларға қатты алаңдаймыз. Біз зорлық-зомбылық салдарынан адамдар қаза тапқанына қатты өкінеміз және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Біз зорлық-зомбылық пен мүлікті жою әрекеттерін айыптаймыз және Алматы мен басқа да қалаларда өмір қалпына келе жатқанына көңіліміз толды", - деді Ұлыбританияның ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі.

Қорытындылай келе, Буш Лондонның Қазақстанды қайғылы оқиғаларға ден қоюға, "өз халқының ұмтылыстарын қанағаттандыруға бағытталған" реформаларды жалғастыруға, сондай-ақ қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз етуге қолдауға дайын екенін айтты.

АҚШ мәлімдемесі

АҚШ елшісі Майкл Карпентер де қаңтар оқиғасында қаза болғандарға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты.

"Біз Қазақстан халқының тұрақтылығы мен оның конституциялық құрылымына, сондай-ақ олардың осы дағдарыстан шыға алатынына сенеміз", - деді АҚШ-тың ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі.

Карпентер қазақстандық билікті тергеудің ашықтығын және қажетті заңды рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бейбіт наразылық білдірген адамдарды зорлық-зомбылық пен тонауға қатысушылардан ажыратуға, ұсталғандардың барлық санаттары үшін тиісті процесті қамтамасыз етуге шақырды.

Сөз соңында америкалық дипломат Вашингтонның Қазақстанмен әріптестік орнатуға және Президент Тоқаев ұсынған реформалық мақсаттарға қолдау көрсетуге бейілділігін қуаттады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтардағы халыққа Жолдауында айтқанындай, біз экономикалық, саяси, білім беру және экологиялық мәселелер бойынша Қазақстанмен әріптестігімізді жалғастыруды асыға күтеміз", - деді АҚШ елшісі Майкл Карпентер.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінде қоғамның тұрақтылығын нығайту және реформаларды ілгерілетуге көмектесетін пайдалы құралдар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети