Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Универсиада-2017 бюджеті екі есеге қысқартылды

21 Қараша 2015, 14:26
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Алматыда өтетін Универсиада-2017 бюджеті екі есеге қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Универсиадаға дайындық барысы аясындағы Отандық өнім өндірушілердің ынтымақтастық форумы кезінде Ұйымдастыру комитетінің директоры Әсет Әбдуалиев айтты.

Оның айтуынша, бюджеттің қысқаруына байланысты ұйымдастыру комитеті 32 миллиард теңгеден қысқарту жасады. "Соңғы айда Универсиада бюджеті екі есеге, 17 миллард теңгеге дейін қысқарды. Біз спортқа қатысы жоқ бірнеше шығынды қысқарттық. Ең алдымен, Универсиаданың ашылу және жабылу салтанатына бөлінген қаражат 1,2 миллард теңгеге қысқартылды. Ашылу, жабылу салтанаты болады, дегенмен қысқарған форматта өтеді", - деді Әбдуалиев.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, "Универсиада Мәдениеті" жобасы, халықаралық PR және маркетингке 1,5 миллард теңгеге қысқарту жасалды. Бір миллиард теңге көлік шығындарынан қысқартылды. "Көліктерді сатып алмаймыз, жалға алатын болдық. Шараның дайындығын көруге бөлінген қаражатты 500 миллион теңгеге қысқарттық", - деді директор.

Айта кетейік, енді шара 53 миллион евроға өткізілгелі отыр. Салыстыра кетсек, Универсиада-2011 өткізу үшін Түркия 83 миллион евро жұмсады, Қытайда 2009 жылы 105 миллион евро жұмсалды, ал 2013 жылы 500 миллион евро жұмсалды.

"Әкімдік бізге үш нақты тапсырма берді. Біріншісі - Универсиаданы жоғарғы деңгеййде өткізу. Екіншісі - қаражатты барынша үнемдеу. Яғни, осы бөлінген бюджетті біз үнемдеуге тырысамыз. Үшінші тапсырма - ірі корпоративті демеушілерді тарту арқылы билет және лицензияланған өнімдерді сату", - деп сөзін аяқтады Әсет Әбдуалиев.

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, Универсиада халықаралық стандарттарға сәйкес өткізіледі. "Міндетті түрде орындалуы тиіс талаптар бар. Бұл - FISU (Студенттік спорттың халықаралық федерациясы). Біз құны жағынан ең төменгі стандарттарды алдық. Сатып алғанша, кейде жалға алған дұрыс. ЭКСПО-ға алынған заттарды пайдаланамыз. Дегенмен ол халықаралық стандартқа сәйкес болады", - деді Байбек.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай