Универсиада-2017 дирекциясының басшысы қазақстандық белгілі актер әрі режиссер Нұртас Адамбаевтың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Универсиада-2017 дирекциясының басшысы қазақстандық белгілі актер әрі режиссер Нұртас Адамбаевтың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наиль Нұров режиссердің Универсиада алауын ұстап өтетіндігін айтты.
"Шын мәнінде кездесу уақыты шегерілді, бірақ, ол туралы барлығы білмеді. Әрине, ол алып өтеді. Бұл адам үшін абырой ғой. Мұндай өмірінде бір-ақ рет болуы мүмкін. Қалада 2 миллион тұрғын бар, ал алауды 100 адам ғана алып жүреді. Менің де алып өткім келеді, бірақ мен жүгірмеймін", - дейді Наиль Нұров Tengrinews.kz тілшісіне.
Универсиада дирекциясының басшысы болған жайтты түсініспестік деп ойлайды.
"Бұл түсініспеушіліктен туған жағдай. Ол өзі жазды ғой, "иә маған қоңырау шалды, мен естімедім" деп. Енді біз үйіне баруымыз керек пе едік? Біз оның қайда тұратынын білмейміз", - дейді Нұров.
Нұртас Адамбаевтың өзі алауды алып өтетінін, бірақ, нұсқаулық алғаннан кейін ғана жүгіретінін айтты.
"Егер қоңырау шалып, не істеу керектігін түсіндірсе, мен жүгіремін. Меніңше қорқынышты ештеңе болған жоқ. Мен бас тартпаймын, бұл республикалық көлемдегі шара ғой", - дейді режиссер.
Еске сала кетейік, Қазақстандық белгілі актер, шоумен әрі режиссер Нұртас Адамбаев Алматыдағы Универсиада-2017 алауын ұстаудан бас тартқан еді.
"Адам қарасы аз болғаны таңғалдырды. Кеше өткен кездесу жайлы фейсбуктегі жазба есіме түсті. (Алау ұстаушылар көп болғандықтан, оларды екі күнге бөліп шақырған екені деп ойладым). Фейсбук-досыма хабарластым, ол осы жазбаны қалдырған еді. Сөйтсек, кездесуді шегеріпті. Одан ұйымдастырушылардың нөмірін сұрадым. Сенбі күні телефон соққандардың тізімінен тауып алдым. (Түскі уақытта осы нөмірге қайта-қайта соқтым, бірақ тұтқаны ешкім көтермеді. Мен, әрине, барлығын түсінемін, бірақ, смс жазуға не ескертуге болмай ма? Жоспарымды не үшін өзгерттім? Әкімдіктің бетіне қарап отыру үшін бе? Құрметті ұйымдастырушылар, алауды өздеріңіз ұстаңыздар. Не істесеңіздер де өздеріңіз біліңіздер", - деп жазған болатын ол Facebook желісіндегі парақшасында.