Нұртас Адамбаев Универсиада-2017 алауын ұстаудан бас тартты

23 Қаңтар 2017, 09:25
0
Нұртас Адамбаев Универсиада-2017 алауын ұстаудан бас тартты - Нұртас Адамбаев
Нұртас Адамбаев

Қазақстандық белгілі актер, шоумен әрі режиссер Нұртас Адамбаев Алматыдағы Универсиада-2017 алауын ұстаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірнеше күн бұрын маған хабарласып, Универсиада алауын ұстау құрметі бұйырғанын айтты. Әкімдікке жексенбі күні нұсқаулық алуға және алау қалай ұстау керек екені жайлы білу үшін баруым керек болды. Бас тарта алмадым. Себебі бұған дейін Универсиада елшісі болғанмын. Осы үшін жексенбінің жоспарын өзгертуге тура келді", - деп жазды Адамбаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Айтуынша, ол айтылған уақытта әкімдікке келіпті. "Бірақ адам қарасы аз болғаны таңғалдырды. Кеше өткен кездесу жайлы фейсбуктегі жазба есіме түсті. (Алау ұстаушылар көп болғандықтан, оларды екі күнге бөліп шақырған екені деп ойладым). Фейсбук-досыма хабарластым, ол осы жазбаны қалдырған еді. Сөйтсек, кездесуді шегеріпті. Одан ұйымдастырушылардың нөмірін сұрадым. Сенбі күні телефон соққандардың тізімінен тауып алдым. (Түскі уақытта осы нөмірге қайта-қайта соқтым, бірақ тұтқаны ешкім көтермеді. Мен, әрине, барлығын түсінемін, бірақ смс жазуға не ескертуге болмай ма? Жоспарымды не үшін өзгерттім? Әкімдіктің бетіне қарап отыру үшін бе? Құрметті ұйымдастырушылар, алауды өздеріңіз ұстаңыздар. Не істесеңіздер де өздеріңіз біліңіздер", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтіледі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай