28 шілде 2020 13:33

Университет оқытушыларының жалақысы өседі - БҒМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет оқытушыларының жалақысын өсіруге тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет оқытушыларының жалақысын өсіруге тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев бұл бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Жалақыны көтеру бойынша барлық жоғары оқу орны жұмыс жүргізіп жатыр. 2019-2020 жылғы оқу жылында барлық жоғары оқу орнында орташа жалақы мөлшері 20 пайызға көтерілген еді. 2020-2021 жылғы оқу жылында жалақы 21-30 пайызға дейін көтеріледі деп күтіліп отыр. Бұл бағыт бойынша жоғары оқу орындары жұмыс жасап жатыр", - деді ол министрлік аппаратының онлайн жиналысында.

Осы орайда Асхат Аймағамбетов ұлттық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы отандық университтердегі оқытушылардың жалақысын көтеру бойынша тапсырма бергенін, оны орындау керегін атап өтті.

"Біз жалпы министрлікке бағынатын жоғару оқу орындарындағы оқытушылардың жалақысын өсіруіміз керек. Біз бұл мәселені 1 қыркүйектен бастап шешуіміз қажет. Бұны сіздермен талқылағанбыз. Бұл жай ғана көтерілген мәселе емес. Өйткені сіздердің бюджеттеріңіз бойынша мамандармен жұмыс істелді. Талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бізде осындай мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз", - деді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Президенттің тапсырмасы бойынша үкіметтің қаулысы қабылданғанын айтты.

"Біріншіден, мемлекеттік гранттардың өсуі оқытушылардың жалақысын өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Екіншіден, ол жоғары оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайтуға жол ашады. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, шешімдер қабылдануы тиіс", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның білім және ғылым министрі университет басшыларына биыл оқу ақысын көтермеуді және қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беру керегін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети